Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегінің уақыты мен орны белгілі болды

1050

Бұл қазақстандық боксшының кәсіпқойдағы сегізінші жекпе-жегі.

 Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегінің уақыты мен орны белгілі болды

Ұлыбританиялық Matchroom промоутерлік компаниясы қазақстандық чемпион Данияр Елеусіновтің (7-0, 3 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетінін ресми түрде хабарлады, деп жазады Vesti.kz.

Спорт порталының мәліметінше, Елеусінов 13 қыркүйекте Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасындағы Hulu Theather залында жеңіліп көрмеген 34 жастағы Решард Хикспен (12-0-1, 6 КО) кездеседі.

Айта кетейік, жекпе-жекті DAZN тікелей эфирде көрсетеді. Бокс кешінің басты қонақтары – америкалық Девин Хэйни (22-0, 14 КО) мен ресейлік Заур Абдуллаев (11-0, 7 КО). Ал қазақстандық боксшы кештің андеркартында жұдырықтасады.

Елеусінов соңғы жекпе-жегін 25 мамырда Мэрилэнд штатында чили боксшысы Луис Норамбуэнуны (3-4-1, 0 КО) жеңген болатын. Алдағы жекпе-жек қазақстандық боксшының АҚШ-тағы бесінші жекпе-жегі болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу