Данияр Қайсанов әлемдік рейтингте үшінші орынға көтерілді

1375

74 келіде сынға түсетін Қайсанов жақында Италияда өткен рейтингілік турнирде қола жүлдегер атанған болатын.

Данияр Қайсанов әлемдік рейтингте үшінші орынға көтерілді Фото: olympic.kz

Еркін күрестен Азия чемпионы және Азия ойындарының күміс жүлдегері Данияр Қайсанов әлемдік рейтингте  жоғарылады, деп жазады Olympic.kz. 

74 келіде сынға түсетін Қайсанов жақында Италияда өткен рейтингілік турнирде қола жүлдегер атанған болатын. Бұл Даниярға қосымша 12 ұпай сыйлады. 

Нәтижесінде қазақстандық спортшы өз салмағында рейтингтің үшінші сатысынан орын алды. Данияр Қайсановтың еншісінде 12 ұпай бар. Сондай-ақ, бұл салмақта ресейлік Заурбек Сидаков 60 ұпаймен көш бастап тұр. 

Екінші орында италиялық Франк Чемизо (42 ұпай).
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу