Danone Ресейдегі бизнестің 75%-ын қайта сатып алу шартымен сатады

389

Компания Ресей бөлімшесінің директорлар кеңесінде үлесі мен орнын сақтап қалмақ. 

Danone Ресейдегі бизнестің 75%-ын қайта сатып алу шартымен сатады Фото: google

Француз Danone әлеуетті инвесторларға Ресейдегі активтерінің 75%-ын кері сатып алу мүмкіндігімен ұсынды. "Коммерсантъ" хабарлауынша, мәмілеге тек ресейлік Danone маркалары кіреді, олардың ішінде "Простоквашино", "Растишка" бар, деп жазады inbusiness.kz.

Қазірдің өзінде бірнеше инвестициялық қорлар қызығушылық танытып жатыр, алайда олар тек ресейлік Danone маркаларын: "Простоквашино", "Растишка", "Тема" сатып ала алады.

Мәмілеге активтерді қайта сатып алу мүмкіндігі енгізілді. Дереккөздердің бірі француз компаниясы бұрынғы ресейлік бөлімшенің директорлар кеңесінде өз үлесі мен орнын сақтап қалғысы келетінін айтты. Danone қазан айында Ресейдегі сүт бизнесін бақылаудан бас тарту туралы шешім қабылдағанын жариялады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу