Дәретхана қағазын өндіру бір жылда 5% төмендеді

1489

Қазақстанда айына орта есеппен 19 млн орам дәретхана қағазы сатылады.

Дәретхана қағазын өндіру бір жылда 5% төмендеді

2021 жылғы бірінші жартыжылдықта елімізде 18,3 мың тонна дәретхана қағазы өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,7% аз, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Дәретхана қағазының негізгі көлемі Алматыда өндірілген: Қазақстандағы барлық шығарылымның 84,7% немесе 15,5 мың тонна, бір жылда минус 11,2%. 
Шығарылымның айтарлықтай көлемі Ақтөбе облысы (1,2 мың тонна, жылдық өсім – 4,5 есе) және Шымкентке (642,9 тонна, плюс 48,1%) де тиесілі.

2020 жылы жергілікті компаниялар 36,9 мың тонна дәретхана қағазын шығарған, бұл 2019 жылғы дағдарысқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда 2% көп. 

2019 жылы өндірістің жылдық өсімі 27,7%, 36,1 мың тонна дәретхана қағазы шығарылған.

Еліміздегі шаруашылық-тұрмыстық және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы қағаз бұйымдарын "Карина Trading" ЖШС, "Парус" өндірістік-полиграфиялық комбинаты" ЖШС, "Маолин компаниясы" шетел кәсіпорны" ЖШС сынды ірі өндірушілер және тағы басқа компаниялар өндіреді.

2021 жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша отандық компаниялар дәретхана қағазына сұранысты (ішкі нарықта өткізу плюс экспорт) өткен жылмен салыстырғанда 69,3% қамтамасыз еткен (2020 жылғы көрсеткіш 71,2%)
Импорт үлесі – 30,7%. Импорттаушылар Қазақстанға 6,5 мың тонна дәретхана қағазын әкелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,5% көп.

5 айда ішкі нарықта барлығы 21,1 мың тонна дәретхана қағазы сатылған, минус 6,1%. Дәретхана қағазының стандартты орамының орташа салмағы – 227 грамм. 
Жыл басынан бері елімізде шамамен 92,8 млн дәретхана қағазы немесе бір айда 18,6 млн орам сатылған. 

2021 жылғы шілде айының қорытындысы бойынша дәретхана қағазы жылдық динамикада 3,7% қымбаттаған. Баға Шығыс Қазақстан облысында айтарлықтай көтерілген: бір жылда 8,1%. Сонымен қатар Ақтөбе (7,6%) және Атырау (7,3%) облыстарында да дәретхана қағазы қымбаттаған, ал Шымкентте дәретхана қағазының бағасы өткен жылғы деңгейде сақталған.

Дәурен Ерболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу