Шерзат сотында бір күдікті өзін кінәсізбін деп есептейді

Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша ашық сот процесінің 2-бөлімі Талдықорған қаласында жалғасып жатыр.  

Шерзат сотында бір күдікті өзін кінәсізбін деп есептейді Фото: бейнежазбадан

Кезекті жарыссөзде даудың басталуына себепкер болған Дархан Әскентайдың адвокаты Мәулен Ержанов сөз алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ол "2 айдан аса уақытқа созылған басты сот талқылауын аяқтағалы жатырмыз" деп сөз бастап, қорғауындағы Дархан Әскентайдың кінәсіз екенін алға тартты. 

– Дархан Әскентайдың іс-әрекеттері ҚР Қылмыстық Кодексінің 293-бабының 3-бөлігінде көрсетілген қылмыс жасады деп айып тағылып отыр. Тағылған айыппен қорғау тарапы, қорғауымдағы сотталушы Дархан Әскентай мүлдем келіспейді, кінәсін мойындамайды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде 2024 жылдың 4 қазанында куә ретінде Қаржаубай Нұрымовтан жауап алу хаттамасында Тоқтаубаев Нұрболға Нұрымов Қаржаубай "Дархан Әскентайды мен ұрдым. Сыраны алып, ақшасын төлемеді. Боқтап, жанжал шығарды. Есін жисын деп ұрғанмын. Одан Нұрбол дүкенге кіріп, "қанша теңге төлеуі керек?" деді. Мен оған "1500 теңге төлеуі керек" дедім. Ол каспи аударымы арқылы төлеп, осы Нұрбол дүкен ішінде менің қасыма келіп, денеме пышақ тақап, өзінше мені қорқытпақ болды" деп жауап берген, – деді ол. 

Сондай-ақ, адвокат бейнежазбада Тоқтаубаевтың ешқандай пышақ шығармағаны анық көрінетінін айтады. 

Осыған дейін ағайынды Тоқтаубаевтардың адвокаты тергеудің әділ өтпегенін айтқан еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу