Дархан Әскентай: "Өзіме тағылған айыппен келіспеймін"

Бүгін 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты сотта айыпталушылардың бірінен жауап алынып жатыр. 

Дархан Әскентай: "Өзіме тағылған айыппен келіспеймін" Фото: zhogargy sot

"Дауды бастады" делінген Дархан Әскентай тергеудегі жауаптарымен толық келіспейтінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол сонымен қатар өзіне тағылған айыппен де келіспейді. Соттан өзінің іс-әрекетіне лайықты жаза сұрады.

Адвокат пен Дархан Әскентай арасындағы диалог былайша өрбіді.

Адвокат: Сізді және қасыңыздарғы жігіттерді полиция қызметкерлері ұстап, Талғар аудандық полиция бөліміне алып келгенде артынша Нұрымов Қаржаубай келді ме?

Дархан Әскентай: Бізді телефонға түсіріп, кабинеттен-кабинетке тасып жүрген кезде Қаржаубай (Нұрымов) келді. Онда 7 бала, 2 қыз тұрғанбыз. Ол аузына келгенін айтып, жетеумізді де ұрды. Менің сөз кезде көзім жетті, баласы Шерзаттың қайтыс болғанына. Оған дейін оны білген жоқпын.

Адвокат: Ажырату кезінде сізге кім соққы жасады және неше рет?

Дархан Әскентай: Мен келген балаларды танымаймын, Шерзаттың достарын да бұрын-соңды көрмегеннен кейін кім соққы жасағанын білмеймін, бірақ екі мәрте сол жағымнан және маңдайымнан соққы алдым.

Адвокат: Сіздің әрекетіңіз ҚР Қылмыстық Кодексінің 293-бабының, 3-тармағымен сараланып, сізге айып тағылып отыр. Сіз осы айыппен келісесіз бе?

Дархан Әскентай: Мен бұл айыппен келіспеймін.

Адвокат: Соттан қандай жаза сұрайсыз?

Дархан Әскентай: Құрметті сот, мен өзімнің іс-әрекетіме байланысты лайықты жаза беруіңізді өтінемін, соны сұраймын.

Осыған дейін сотталушының Қаржаубай Нұрымовтың сөзін жоққа шығарғанын хабарлаған едік. 

Сондай-ақ, Дархан Әскентай төбелеске қатысқан жігіттер туралы да айтқан болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу