Дархан Әскентай Шерзаттың өзін не үшін ұрғанын айтып берді

Ол сотқа дейінгі берген жауаптарымен толық келіспейтінін жеткізді. 

Дархан Әскентай Шерзаттың өзін не үшін ұрғанын айтып берді Фото: видео скриншот

Басты себеп – 24 сағат қысым келтірілгенін, жарақат алғаннан кейін дұрыс жауап бере алмағаны, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгін Талдықорған қаласында өтіп жатқан сот отырысында сотталушы Дархан Әскентай оқиғаны баяндап берді. 

– Мен 3-інен 4 қазанға қараған түні 11-лер шамасында досымның машинасынан түсіп қалып, "Қамажай" дүкеніне кірдім. Ол жерден 3 сыра мен темекі алдым, Қаржаубаймен сол жерде таныстым, – дейді ол. 

Одан кейін дүкеннен алыстамай тұрғанда телефонының қуаты өшкенін байқаған. Сосын Қаржаубай Нұрымовқа телефонын қуаттап алуға өтініш жасаған. Ол да келіскен. 

– Мен сол түні телефонды беріп өтінгеннен кейін далаға шығып тұрғанмын, сол кезде телефоныма хабарласып жатқанын естідім. Сонда Қаржаубай Шерзатқа, Шерзат маған телефонымды бергеннен кейін сыртқа шығып, сөйлестім. Қарасам, тағы смстер келген екен телефоныма. Сонда Шерзат ашулы түрмен "Әкеме бірдеңе дедің бе? Не дегің келіп тұр?" деп ашуланды. Мен "түсінбедім" дедім. "Сенбесең, жүр әкеңнен сұра, оған ештеңе деген жоқпын" дедім. Қолында кассет бар екен, байқамадым оны, алды да оң көзімнен қатты ұрып жіберді. Бір соққы жасады, мен 2-3 метр шегініп кетім де, бетімді ұстап тұрып қалдым. Не үшін ұрып жібергенін түсінбей қалдым. Сол уақытта Қаржаубай шығып, сумен "бетіңді жу, бетіңді жу" деді. Сосын Шерзатқа "неге ұрасың оны?" деп айғайлап жатты, – дейді айыпталушы. 

Бұған дейін сотталушы куәгер ретінде шақырылған полицияға сұрақ қойған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу