Дархан Кәлетаев ҮЕҰ-ларды қайта тіркеу туралы бастамасын түсіндірді

780

Дархан Кәлетаев ҮЕҰ-ларды қайта тіркеу туралы бастамасын түсіндірді

ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев "Қазақстанның Азаматтық Альянсы" заңды тұлғалар бірлестігінің конференциясы барысында Қазақстандағы барлық үкіметтік емес ұйымдарды қайта тіркеуден өткізу туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

"Қоғамдық бірлестіктерге қатысты өзекті мәселелер бар. Көптеген азаматтар менің үкіметтік емес ұйымдарды қайта тіркеуден өткізу туралы ұсынысымды талқылауда. Қазақстанда тіркелген үкіметтік емес ұйымдардың саны 20 мыңға жуықтағандықтан осындай бастаманы көтердім. Содан кейін қаржы министрлігі және әділет министрлігімен бірлесіп атқарған шаралардың нәтижесінде 8 мыңға жуық ұйымның мүлдем жұмыс істемейтіндігі анықталды", - деді Кәлетаев.

Министр ҮЕҰ қайта тіркеудің баламасы ретінде үкіметтік емес ұйымдардың қызметін тоқтатуды жеңілдету екенін атады.

"Көптеген үкіметтік емес ұйым өкілдерімен пікіралмасу барысында қайта тіркеуді жүргізбей, оның жеңіл формасын қолдану бойынша пікір туындады. Мысалы, қоғамдық бірлестіктердің қызметін тоқтатуды жеңілдету. Біз қазір бұл мәселенің құқықтық жағын қарастырып жатырмыз. Бұл қаншалықты мүмкін. Егер бұл мүмкін болса, осы жолмен жүруге болады деп ойлаймын", - деді Дархан Кәлетаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу