Дархан Қыдырәлі Сенат депутаты ретінде ант берді

328

Ғауез Нұрмұхамбетовтің Сенаттағы өкілеттігі тоқтатылды.

Дархан Қыдырәлі Сенат депутаты ретінде ант берді Фото: baq.kz

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында бұрынғы Ақпарат министрі Дархан Қыдырәлі депутат ретінде ант берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстанның тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін", – деді Д. Қыдырәлі.

Сонымен қатар, отырыс баарысында Дархан Қыдырәлі Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті құрамына сайланды.

Сондай-ақ, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов Ғ.Нұрмұхамбетовтің басқа қызметке ауысуына орай оның депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынымды жариялады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу