Іс-шарада Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова дәрілік заттарға баға белгілеудің жаңа тетігі нарыққа қалай әсер етіп жатқанын баяндаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Енгізілген өзгерістер нәтижесінде дәрілік заттардың кең тізбесінде баға едәуір төмендеп, 36 млрд теңгеден астам қаражат үнемделді.
Бірқатар жоғары шығынды дәрілік заттардың бағасын 50-ден 300 пайызға дейін төмендеді. Мысалы, иматиниб дәрісінің бағасы 9 450 теңгеден 2 348 теңгеге төмендеді. Ал бевацизумаб дәрісінің бағасы 360 теңгеден 77 мың теңгеге дейін төмендеді.
Сондай-ақ, жаңа баға белгілеудің арқасында тікелей келісімшарттар мен тендерлік рәсімдер шеңберінде айтарлықтай үнемдеуге қол жеткізілді, – деді Ақмарал Әлназарова.
Премьер-министр Олжас Бектенов бұл бағыттағы жұмыстарды қолдайтынын айтты.
– Бағаны реттеу бағытындағы істеріңізді қолдаймыз. Осы жұмыстарды әрі қарай да жалғастыру керек, – деді Үкімет басшысы.