Дариға Назарбаева әуе апатынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты

987

Соңғы мәліметтер бойынша, 15 адам көз жұмғаны белгілі болды. 

Дариға Назарбаева әуе апатынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты

Дариға Назарбаева Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының атынан Алматы маңындағы әуе апатында қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

"Алматы облысында ұшақтың құлағаны туралы хабарды естіп, қайғыға ортақтасатынымызды жеткіземіз. Қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Сіздердің қайғыларыңыз бәрімізге де ортақ. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз", – деді Дариға Назарбаева.

Еске сала кетсек, бүгін таңертең "Бек Эйр" компаниясына тиесілі ұшақ апатқа ұшырап, соңғы мәліметтер бойынша, 15 адам көз жұмғаны белгілі болды. Ауруханаға жеткізілген 66 адамның 50-і емделіп жатыр. 12 адамның жағдайы ауыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу