2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Дариға Назарбаева Мәжілістен кететінін мәлімдеді

2083

Оның пікірінше, қаңтар оқиғасына кінәлілер жазаға тартылуы керек.

Дариға Назарбаева Мәжілістен кететінін мәлімдеді

Дариға Назарбаева парламент мәжілісінен кетеді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы zakon.kz-ға сілтеме жасап.

"Бүгін Мәжіліс депутаты өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдадым және толығымен қоғамдық, гуманитарлық, мәдени және қайырымдылық қызметке ден қоюды ұйғардым", – деді Дариға Назарбаева. 

Ол Nur Otan партиясына дауыс берген қазақстандықтарға, партияластарына және өзіне сенім артқан ел басшылығына алғысын айтты.

Сондай-ақ қаңтар оқиғасына қатысты пікір білдірді.

"Қаңтардағы қайғылы оқиғалар Қазақстан халқының бірлігі болмаса, еліміздің гүлденуі мен одан әрі дамуы болмайтынын көрсетті. Болған оқиға – халқымыз үшін үлкен қасірет. Барлық оқиғаға мұқият және объективті тергеу жүргізу қажет деп санаймын. Кінәлілер жазаға тартылып, кінәсіз адамдар босатылуы керек", – деді экс-депутат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу