Дәрігер кеңесі: "Құлақты үсітіп алмау үшін, сырға тақпаңыздар!"

542

Ақтөбелік травматолог дәрігер қыз-келіншектерге аяз күндері әшекей бұйымдардан бас тартуға кеңес берді. 

Дәрігер кеңесі: "Құлақты үсітіп алмау үшін, сырға тақпаңыздар!" Фото: inbusiness.kz

- Көбіне адамдар құлағын үсіріп алады.  Сырға, әшекей металл болғасын аяз тартады. Сондықтан, әйел адамдарға аяз күні далаға шығарда  сырғаны шешіп қоюға кеңес берем,- деді Ақтөбе облыстық жедел-жәрдем ауруханасының травматолог-дәрігері Абзал Қадырбаев.

Өткен тәулікте аурухананың травматологиялық бекетіне 50 адам келген. 9 адам үсік шалғандар.

Апта басталғалы Ақтөбеде аяз қаһарына мінді. Сынап бағаны -31-ден түспей тұр. Дүйсенбіден бері қаладағы барлық мектеп оқушылары онлайнға көшті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу