Дәрігердің рұқсатынсыз антибиотик қабылдауға болмайды

769

Антибактериалды терапия стационардағы науқастарға ғана тағайындалады.

Дәрігердің рұқсатынсыз антибиотик қабылдауға болмайды

Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бұйрабекова коронавирус  инфекциясын жұқтырған адамдарды өзін-өзі емдеумен айналыспауға шақырды. 

"Антибактериалды препараттар вирустық инфекцияны емдеуге арналмаған. Бекітілген емдеу құжаттамасында антибактериалды терапия стационарда бактериалды инфекциядан арылу мақсатымен ем қабылдап жатқан науқастарға ғана тағайындалады", – деді ол.

Министрдің мәлімдеуінше, өзін-өзі емдеумен айналысуға және дәрігердің рұқсатынсыз антибиотик қабылдауға болмайды.  

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу