"Дәрігерлер 20 мың теңге сұратқан": Жамбыл облысында жаңа туған сәби шетінеп кетті

146

Қызметтік тексеріс басталды.

"Дәрігерлер 20 мың теңге сұратқан": Жамбыл облысында жаңа туған сәби шетінеп кетті Фото: Depositphotos

Жамбыл облысындағы перинаталдық орталықта жаңа туған сәби шетінеп кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Босанған әйелдің жағдайы ауыр, ол жансақтау бөлімінде жатыр. Әйелдің жақындарының сөзінше, аяғы ауыр келіншектен акушерлар кесір тілігін жасау үшін 20 мың теңге сұратқан.

Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғыны Гүлім Оразбаева жүктілігінің 41 аптасында облыстық перинаталдық орталыққа келген.  

Бұған дейін оны аудандық аурухана толық тексеріп, іштегі нәрестенің дені сау екенін айтқан.

Оның туыстарының айтуынша, перинаталдық орталық әйелдің медициналық картасын да ашып қарамай, жеті күн жатқызып қойған. Сәби бір сағаттан соң шетінеп кеткен.

Денсаулық сақтау басқармасы қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады.  

"Зерделеу үшін жұмыс тобы құрылады. Сол арқылы тәуелсіз сараптама тағайындалады. Заң бойынша қол ақы берудің қажеті жоқ. Ол заңсыз. Біздегі ҚР заңына сәйкес босандырудың бәрі тегін өтуі керек", – деді Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерік Мұсабаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу