Дәрігерлер 7 жасар бүлдіршіннің қосарланған тоқ ішегіне күрделі ота жасады

469

Операция барысында көлденең тоқ ішектің екі есе ұлғайғандығы анықталды.

Дәрігерлер 7 жасар бүлдіршіннің қосарланған тоқ ішегіне күрделі ота жасады Фото: дәрігерлерден

Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасының хирургтары, реаниматологтар ішек өткізбеушілік диагнозымен 7 жасар баланың екі есе ұлғайған қосарланған тоқ ішегіне күрделі ота жасады.

Дәрігерлердің мәліметінше, науқас бала іштің ауырсынуы, мазасыздану, құсу, әлсіздік шағымымен ауруханаға анасымен бірге келген.

"Динамикалық қарау барысында құсу, әлсіздік, іштің көлемі ұлғайғандығы байқалды. Клиникалық белгілері кетпегесін операцияға алдық. Операция барысында көлденең тоқ ішектің екі есе ұлғайғандығы анықталды. Яғни, тоқ ішектің қосарлануы  ота нәтижесінде резекция арқылы алынып тасталды",-деді Маңғыстау облыстық көпбейінді аурухананың хирург дәрігері Айбек Рабайұлы.

Қазір баланың жағдайы жақсы. Хирургтар мен ата-ананың тұрақты бақылауында.                                                                              

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу