Дәрігерлер инсульт алған журналист Диас Ахметшәріптің жағдайын айтты

406

Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. 

Дәрігерлер инсульт алған журналист Диас Ахметшәріптің жағдайын айтты Фото: ortcom

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері инсульт алған журналист Диас Ахметшәріптің қазіргі жағдайынан хабардар етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

“Науқастың миына қан құйылған. Қазір ол ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы дәрігерлердің бақылауында. Пациенттің туыстарының рұқсатынсыз басқа ақпарат берілмейді”, – деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске салсақ, 6 мамырда журналист Диас Ахметшәріп миына қан құйылып, комаға түскені хабарланды. Оқиға Ақтауда өткен ішкі істер министрлігінің көшпелі отырысы кезінде болған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу