Дәрігерлер "Қазақстан" шахтасында зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

461

Құтқарушылар бес адамды іздестіріп жатыр. 

Дәрігерлер "Қазақстан" шахтасында зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты Фото: gov.kz

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында ТЖ нәтижесінде зардап шеккен алты адам ауруханаға жатқызылды, деп жазады inbusiness.kz Қарағанды қаласының әкімдігіне сілтеме жасап. 

– "Қазақстан" шахтасында зардап шеккен екі адам Мақажанов клиникасына жеткізілді. Қабылдау бөлімінің дәрігерлері науқастардың жағдайын тексерді. Алдын ала диагноз – шахта газдарымен жедел ингаляциялық улану, оның ішінде ауыр көміртегі тотығымен улану, токсико-гипоксиялық энцефалопатия, уытты бронхит. Олар реанимация бөлімшесіне жатқызылды, – деді токсикология бөлімшесінің меңгерушісі, Қарағанды облысының бас штаттан тыс токсикологы Сәуле Смағұлова.

Сонымен қатар, зардап шеккендердің төртеуі Шахтинск орталық ауруханасына жеткізілді, оларға алғашқы көмек көрсетілді. Болашақта оларды Мақажанов клиникасының токсикологиялық бөлімшесіне ауыстыру жоспарлануда.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында ТЖ нәтижесінде зардап шеккен алты адам ауруханаға жатқызылды. Құтқарушылар бес адамды іздестіруде.

– "Қазақстан" шахтасында зардап шеккен екі адам Мақажанов клиникасына жеткізілді. Қабылдау бөлімінің дәрігерлері науқастардың жағдайын тексерді. Алдын ала диагноз – шахта газдарымен жедел ингаляциялық улану, оның ішінде ауыр көміртегі тотығымен улану, токсико-гипоксиялық энцефалопатия, уытты бронхит. Олар реанимация бөлімшесіне жатқызылды, – деді токсикология бөлімшесінің меңгерушісі, Қарағанды облысының бас штаттан тыс токсикологы Сәуле Смағұлова.

Сонымен қатар, зардап шеккендердің төртеуі Шахтинск орталық ауруханасына жеткізілді, оларға алғашқы көмек көрсетілді. Болашақта оларды Мақажанов клиникасының токсикологиялық бөлімшесіне ауыстыру жоспарлануда.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ тау-кен сегментінің атқарушы директорының орынбасары Сергей Огайдың айтуынша, тағы бес қызметкер бес құтқарушы бөлімшесімен іздестірілуде. Іздестіру жұмыстарын шахта ішіндегі қатты түтін қиындатуда.

Еске сала кетсек, 17 тамызда сағат 10:05-те Д6 көмір көлбеуін (көкжиек – 170 м) өндіруде конвейер таспасының өртенуі орын алды. Апатты жою жоспары енгізілді. Оқиға болған кезде жер астында 227 адам болды, оның 222-сі жер бетіне көтерілді. Бесеуін іздестіру жалғасуда.

Төтенше жағдайға байланысты шахтада жедел штаб құрылды. "КӘАҚҚ" РШМ және ТЖД қызметкерлері жұмыс істеуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу