Дәрігерлер маска тағуға және иммунитетті күшейтуге шақырады

475

Маска тағу – қазіргі кезде өмірлік қажеттілік. Бұл біреудің өмірін сақтап, жаныңыздағы жақындарыңызды қауіпті аурудан сақтайды. Маскалар COVID-19 таралу қаупін төмендететіні ғылыми дәлелденген. Елорда әкімдігінің ресми сайты дәрігерлердің пікірін ұсынды.

Дәрігерлер маска тағуға және иммунитетті күшейтуге шақырады

"Зерттеулер маска жұқтыру және вирустың басқаларға таралу қаупін төмендететінін көрсетеді. Сонымен бірге қорғаныс құралдарының COVID-19 тасымалдаушысында да, сау адамда да болуы маңызды. Әйтпесе, тәуекел индикаторы жоғарылайды", – дейді №10 қалалық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері Данияр Қадыров.

Дәрігерлер мұны дұрыс жасау маңызды екенін атап өтті. Масканы үйден шығар алдында тағу керек. Ең дұрысы, ол сіздің бетіңізге тығыз орналасып, иегіңізді жауып тұруы керек. Масканы мұрынның астына түсірмеу маңызды.

Иммунитетті сақтау үшін дене белсенділігі, дұрыс тамақтану және дұрыс әдеттер қажет. Сондай-ақ вирустық инфекциялардың алдын алу үшін тұрғындар жеке гигиенаны сақтап, қолды жиі жуып, антисептик қолданған жөн.

"Иммундық жүйені нығайту үшін A, B, C, D, E дәрумендері қажет. Дұрыс тамақтану да маңызды. Күзде рационға көкөністер, жемістер, ет, сүт, жаңғақ, жарма қосу ұсынылады. Тамақтың әртүрлі болғаны маңызды, бұл жағдайда барлық микроэлементтер денеге қажетті мөлшерде түседі", – дейді №10 қалалық емхананың жалпы тәжірибе бөлімінің дәрігері Гүлназ Бекенова.

Сондай-ақ дәрігерлер тұмауға және пневмококк инфекциясына қарсы вакцина егу керегін айтады. Сонымен қатар антибиотиктерді дәрігердің тағайындаусыз қабылдамауға, өзін-өзі емдемеуге кеңес береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу