Дәрігерлер "Нипах" вирусының алдын алу бойынша үндеу жасады

175

Жақында Үндістан қазақстандықтарға 30 күндік визасыз режим енгізген болатын.

Дәрігерлер "Нипах" вирусының алдын алу бойынша үндеу жасады Фото: canva

Осыған орай ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Үндістаннан таралған "Нипах" ауруының алдын алу бойынша үндеу жасады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде жүргенде ауру белгілері, мысалы жоғары температура, жөтел немесе қатты бас ауруы болған жағдайда аурухана көмегіне жүгінген жөн.

Ең басты ережелер:

  • Жарқанат пен шошқадан және басқа да жануарлардан аулақ болу;
  • Жеке гигиена ережелерін сақтау, қолды сабындап жиі жуу немесе антисептик қолдану;
  • Тек қауіпсіз ауыз суды пайдалану;
  • Шикі құрма шырынын ішпеу, жануарлар ластауы мүмкін өнімдерді тұтынбау;
  • Жеміс пен көкөністерді тұтынар алдында мұқият жуу және тазалау.

Денсаулық сақтау министрлігі мен санитарлық‑эпидемиологиялық қызмет елімізде нипах инфекциясы анықталмағанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу