Алматы онкология орталығының дәрігерлері өкпенің қатерлі ісігі диагнозы қойылған 72 жастағы қарияға операция жасады.
Онколог Рүстем Ирсалиевтің айтуынша, компьютерлік томография науқастың өкпесінде көлемі 10 см болатын үлкен қатерлі ісік барын көрсеткен.
"Ісік жұмсақ тінде болды. Кеуде хирургиясындағы мұндай араласулар техникалық жағынан ең күрделісі. Зейнеткерге радикалды ота жасалды — торакотомиямен жоғарғы лобэктомия. Алдағы уақытта гистологиялық зерттеу нәтижелері негізінде біз химиотерапия жүргізетін боламыз", – деді Рүстем Ирсалиев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу