Ажар Ғиният заң жобасын таныстырды

595

Ажар Ғиният Мәжілісте "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын таныстырды. 

Ажар Ғиният заң жобасын таныстырды

Денсаулық сақтау министрлігі Ажар Ғиният алдыңғы жылдардың тәжірибесін ескере отырып, жұмыс істеп тұрған сақтандыру компаниялары арқылы медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін жүктелген сақтандыру моделі қабылданғанын айтты, деп жазады inbusiness.kz.    

 Осы тұста жұмыс беруші – медициналық ұйым сақтанушы ретінде, ал медициналық қызметкерлерді лицензиялауды енгізу болашақта медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесіне қатысушылардың жауапкершілігін бөлуге мүмкіндік береді, деп түсіндірді министр. 

"Бұл модельге сәйкес шағымды қарауды медиация элементтерін қолдана отырып және бейінді медициналық қауымдастықтарды тарта отырып, ішкі аудит қызметі деңгейінде медициналық ұйым жүзеге асыратын болады. Пациент аудиторлардың шешімімен келіспеген жағдайда, шағым сараптамалық қорытынды беру үшін медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне жіберіледі", – деді ведомство басшысы.

Министрдің айтуынша, оң шешім қабылданған жағдайда шағым туралы материалдар, соның ішінде сот-медициналық сараптаманың қорытындысы, медициналық ұйым сақтандырылған сақтандыру компаниясына беріледі.

"Пациентке келтірілген зиян үшін өтемақы төлеуді Денсаулық сақтау министрлігі белгілеген жағдайлар бойынша сақтандыру компаниясы жүргізеді. Пациент төлемнен бас тартса және қанағаттанбаған жағдайда, сотқа жүгінуге құқылы. Сотқа жүгінген кезде төлем жүргізілмейді. Сақтандыру жарнасының мөлшері тиісті қаржы жылына арналған айлық есептік көрсеткіш көлемінде тәуекел дәрежесіне, бейіндік бағытқа және жалақыға байланысты бекітілген есептеулер негізінде медициналық қызметкердің жауапкершілік дәрежесін ескере отырып белгіленеді", – деп түсіндірді Ажар Ғиният.

Ведомство басшысының айтуына қарағанда, сақтандыру жүйесін енгізудің бастапқы кезеңінде пациенттің өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиян үшін сақтандыру жағдайы бойынша сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін анықтау ұсынылады.

Өлім-жітімге байланысты – 1000 АЕК, бірінші топтағы мүгедектік – 800 АЕК, екінші топтағы мүгедектік – 600 АЕК, үшінші топтағы мүгедектік – 500 АЕК, "мүгедек-бала" – 500 АЕК, мүгедектік белгіленбеген жағдайда, бірақ денсаулыққа мертігу немесе жарақат алу немесе өзге де зақымдану – пациентті амбулаториялық немесе стационарлық емдеудің нақты шығыстары мөлшерінде – 300 АЕК енгізу ұсынылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу