Дәрігерлерге арналған ЖИ-ассистент жұмыс істейтін болады

121

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

Дәрігерлерге арналған ЖИ-ассистент жұмыс істейтін болады Фото: inbusiness.kz

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Цифрлық штабтың отырысы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Денсаулық сақтау саласында НҚА-ға өзгерістер енгізу негізінде ЖИ дамитын болады, бұл медициналық мекемелерге отандық инновациялық жобаларды енгізуге септігін тигізеді", – делінген хабарламада. 

Мәселен, дәрігерлерге арналған ЖИ-ассистент, онкологиялық және тағы да басқа ауруларды ерте анықтау бойынша функционал іске қосылмақ.

Осы жылдың соңына дейін 7 ақпараттық жүйе 2-ге біріктірілмек. Осындай жұмыспен салада жұмыс істеп тұрған барлық 30 АЖ қамтылады.

Осылайша, бірін бірі қайталайтын жүйелер шоғырландырылады, бұл медициналық персоналдың жұмысын жеңілдетіп, жүктемесін азайтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу