Дәрігерлерге үстемақының жаңа түрі беріледі

1219

Вирус өршіген сайын, дәрігерлердің де жұмысы қиындап барады, деп хабарлайды Atameken Business.  

Дәрігерлерге үстемақының жаңа түрі беріледі

Соған қарамастан 1 қазаннан бастап сала мамандарына "ковидтік" үстемақы төленбейді. Бұл туралы еліміздің премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғажанов мәлімдеді. Оның сөзінше, ақ халаттықларды қолдаудың жаңа пакеті дайындалды. ЗКТ: Онда рениматолог-анестезиолог дәрігерелерге, инфекционистерге, нестезистерге, эпидемиологтарға, алғашқы медициналық санитарлық көмек қызметкерлеріне және ядролық медицина орталығында жұмыс істейтіндерге сонымен қатар, паталогоанатом дәрігерлерге ғана үстемақы төленеді. Одан өзге, қазір үстемақы алып жүргендер тамыз бен қырқүйек айларында тек 50 пайызына ғана қол  жеткізеді. Айта кету керек, өткен жылдың наурызынан бері дәрігерлерге 229 милилард теңге үстемақы берілді.   Ералы Тоғжановтың сөзінше сұранысы жоғары бағыттағы медицина қызметкерлерінің жалақысы 9 санат бойынша көтеріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу