Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сұраныс артқан

651

Биыл бірінші тоқсанның қорытындысында еліміздің химия өнеркәсібіндегі өсім 14,2% болды. Бұл мәліметті ҚР ИИДМ хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сұраныс артқан

Саладағы өсімге дезинфекциялық құралдар мен минералды тыңайтқыштарға натрий бихроматы (+127%), пигментті хром тотығына (+55%), ұсақ тартылған фосфор шикізатына (+15%) сұраныстың артуы әсер еткен.

Ал фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемі 9,1% өскен. Министрлік өсімнің себебін халықтың дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сұранысының артуы сесебінен дейді.

Жеңіл өнеркәсіпте киім (+25,8%) және былғары өнімдері (+32,7%) өндірісінің ұлғаюы есебінен өсім 3,1% құраған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу