Дастан Рыспеков жаңа қызметке тағайындалды

620

Ол Ұлытау облысы әкімінің орынбасары қызметіне келді.

Дастан Рыспеков жаңа қызметке тағайындалды Фото: primeminister.kz

Ұлытау облысы әкімінің екі орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Аталған қызметке Дастан Рыспеков пен Алмаз Ыдырысов келді.

Дастан Адайұлы 1984 жылы Жезқазған қаласы, Қарағанды облысында дүниеге келген.

Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасынан бастаған. Әр жылдары түрлі басшылық қызметтерді атқарды.

2020 жылдың ақпан айынан бастап осы уақытқа дейін Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Сонымен қатар тағайындалған облыс әкімінің тағы бір орынбасары - Ыдырысов Алмаз Серікболұлы. Ол 1983 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Еңбек жолын 2003 жылдан бастап Астана қаласы "Казавтожол" Республикалық мемлекеттік кәсіпорында техникалық-өндірістік бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.

2022 жылдың маусым айынан бастап Индустрия және инфрақұрылымдық даму Вице-министрі болып еңбек етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу