Дәстүрлі емес медицинамен айналысатын 63 жастағы ер адам қамалды

1115

Ол 28 жастағы жігіттің қазасына күдікті ретінде қамауға алынды. 

Дәстүрлі емес медицинамен айналысатын 63 жастағы ер адам қамалды

Алматы облысында халық емшісі науқастың өліміне кінәлі деген күдік бар, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

Оқиға Қарасай ауданында тіркелді. 12 қаңтарда 28 жастағы жергілікті тұрғын өз үйінде көз жұмған.

Сот-медициналық сараптамасы көрсеткендей, құрбан болған жігіттің соққыдан қабырғасы сынып, өкпесі езілген. Күдікті ретінде дәстүрлі емес медицинамен айналысатын 63 жастағы ер адам қамалды.

Жігітті емшіге туыстары алып келген екен. Олардың айтуынша, соңғы 3 жылда жас жігіттің ішіне жын кіріп алып, есінен адасқан. 5 күнге созылған жынды қуу әрекеті жігіттің өліміне себеп болуы мүмкін.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу