Дәулет Төлеубаев Дональд Трамппен кездесті

896

Отандасымыз Стэнфорд университетінің гольфшылар командасында ұлттық университеттік спорт қауымдастығының чемпионы атанды. 

Дәулет Төлеубаев Дональд Трамппен кездесті

Қазақстандық Дәулет Төлеубаев АҚШ президенті Дональд Трамптың мәртебелі мейманы болды, деп хабарлайды 24.kz.

Ол Құрама Штаттарда белді спорт түрі саналатын гольфты шебер ойнап, көзге түскен. Отандасымыз Стэнфорд университетінің гольфшылар командасында ұлттық университеттік спорт қауымдастығының чемпионы атанды. Бұл қауымдастыққа АҚШ пен Канаданың ЖОО мен колледждері мүше.

Дональд Трамптың гольф алаңында өткізетін уақыты америкалық баспасөзде жиі талқыланады. Қазір оның 20 шақты жеке алаңы бар. Осы бір спорт түріне жанашырлық танытатын президент елдегі ойын барысын жіті бақылап отырады. Бұл жолы Ақ үй басшысы Стэнфорд университеті командасының жарқын жеңісіне тәнті болды. Ал ойыншылардың он екі жылдан кейін Ұлттық университеттік спорт қауымдастығының чемпионы атануына қазақстандық Дәулет Төлеубаев себепкер болды.

Дәулеттің спорт пен оқудағы жетістіктеріне әлемнің белді университеттері назар аударған. Гарвард, Принстон сияқты ондаған ЖОО оны оқуға шақырады. Бірақ жерлесіміздің таңдауы Стэнфордқа түсті. Осы америкалық қауымдастықтың алғашқы дивизионында өнер көрсететін алғашқы қазақ спортшысы енді осы команданың мүшесі. Кезінде бұл құрамда әйгілі Тайгер Вудс ойнаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу