Бүгін құрлықтық конгрессте Дәулет Болатұлы Тұрлыханов Азия күрес кеңесінің президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды prosports.kz.
Атақты балуан дауыс беру қорытындысында лауазымды орынға лайық деп танылды. Дәулет Болатұлы 14 үміткердің ішінен 24 дауыс жинады.
Дәулет Тұрлыханов – 1963 жылы бұрынғы Семей облысы Жарма ауданында дүниеге келген. Ол Сеул Олимпиадасының күміс жүлдегері, КСРО-ның 7 дүркін чемпионы, әлем және Еуропа біріншіліктерін бағындырған теңдесі жоқ балуан.
Қазір Дәулет Тұрлыханов Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күрес федерациясының вице-президенті қызметін атқарады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу