Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты іс: сот үкімі шықты

556

Мәжіліс депутатының ұлы 1,7 млн теңге көлемінде айыппұл арқалады. 

Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты іс: сот үкімі шықты Фото: moneyman.ru

Алматы қалалық әскери сотында Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болатқа қатысты сот үкімі шықты, деп жазады inbusiness.kz tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

20 жасар Нұрасыл Болат заңгер Анна Дмитриевич пен оның жұбайы Олег Черновты соққыға жықты деп айыпталған болатын. 

Сот үкімімен Нұрасыл Болат ҚК 107-бабының 2-бөлігі 1 және 5-тармақтарында көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған жаза түрінде 1 миллион 700 мың теңге айыппұл тағайындалды. 

Бүдан бөлек Тұрлыхановтың ұлы екі жәбірленушіге 500 мың теңгеден, адвокаттардың қызметіне 1,6 миллион теңге және мемлекеттік бажға 10 мың теңге төлеуі тиіс. Сот айыпталушыдан жәбірленушілерге өтемақы қорына 15 АЕК өндіріп алды.

Айта кету керек, осыған дейін Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың тағы бір ұлының басы дауға қалғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу