Даулы "кибербуллинг" туралы заңды депутаттар бірінші оқылымда мақұлдады

628

Сенатта баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша заң жобасы бірінші оқылымда мқұлданды. Онда әлеуметтік желіде қызу талқыланған "интернет бетінде баланы кибербуллингтен қорғау" нормасы қарастырылған. 

Даулы "кибербуллинг" туралы заңды депутаттар бірінші оқылымда мақұлдады

"Әлеуметтік желілердің жұмысын реттеу мәселелері туралы өзгерістер жұртшылықтың алаңдатушылығын туғызып, әлеуметтік желілерде талқылаулар болып жатыр. Оны өздеріңіз жақсы білесіздер. Заң жобасына енгізілген бұл түзетулер парламенттің қос палатасында қызығушылық танытқан мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестік өкілдері және басқа да құлықты тұлғалардың қатысуымен бір жыл көлемінде жан жақты қарастырылды. Өзгерістер балаға қарсы кез келген күш көрсетуге, оның ішінде отбасы қарым-қатынастары, білім беру, денсаулық, ақпараттық кеңістік саласындағы орынсыз әрекеттерден қорғау механизмдерін дамытуды күшейтуге жол ашады және балалар құқығын қоррғау мәселесіне нақтылық енгізеді деп есептеп отырмыз. Сонымен қатар мемлекет басшысы ұсынған бастамаларды іске асыруға мүмкіндік береді", – дейді сенатор Ләззат Сүлеймен.

"Мәселе, баланы жәбір мен зәбірден қорғауда тұр", – дейді талқылауға қатысқан депутат Нұртөре Жүсіп.

Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Екінші оқылымға дайындалу үшін депутаттар 10 минуттық үзіліс алды. 

Бұл нормаға қарсы жарияланған петицияда не жазылған? 

Бұл заң жобасында қажет және маңызды түзетулер жазылғанымен, ел ішінде "Сарым мен Закиеваның түзетуі" деп танылған нормаларды да қамтиды. Сондықтан "елде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді қолдануға шектеу енгізуге мүмкіндік береді" делінген. 

"Бұл түзетулер қабылданған жағдайда (заң жобасының 14-16 беті) Facebook, Instagram, Youtube, Telegram, Whatsapp және басқа да желілердің Қазақстан интернет кеңістігінде жұмыс істеуіне қауіп төнеді. Миллиондаған қазақстандық аталған әлеуметтік желілерді байланыс үшін, кәсібін дамытуға, сонымен қатар, елдегі саяси өмірге араласу құралы ретінде қолданады. Бұл Қазақстанның әлем қауымдастығына адам құқығын сақтайтын сыйлы мүше ретінде интеграциясына ғана соққы емес, сонымен қатар, ел экономикасына үлкен қауіп төндіруі ықтимал", – деп жазылған петицияда.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу