Дәурен Абаев байланыс қызметі ережесіне енгізілетін өзгертулер туралы айтты

757

Дәурен Абаев байланыс қызметі ережесіне енгізілетін өзгертулер туралы айтты

ҚР ақпарат және коммуникациялар министрлігі байланыс қызметін көрсету ережесіне жаңа өзгертулер енгізуде. Бұл туралы министр Дәурен Абаев facebook-тегі парақшасында айтты.
Министрдің сөзінше, бұл өзгертулер ұялы байланыс абоненттері көптен бері айтып жүрген бірқатар проблеманы шешуге бағытталған.
"Осыған бірнеше мысал келтіре кетейін. Жаңа ереже байланыс операторларына жеке шотта қаражат болмаған жағдайда қызмет көрсетуге тосқауыл қойып отыр. Бұл - негізінен роуминг қызметіне қатысты. Осылайша, біз абоненттік номердің "минус" болуының, яғни қарыз болып қалуының алдын аламыз", - дейді Абаев.
Сондай-ақ, бұдан былай ауыстырылған номерге қоңырау шалу кезінде "beep" қосу сигналын еріктен тыс орнату практикасы жойылмақ екен. 
"Енді шақыру сигналының алдында қосымша акустикалық сигналдар мен паузаларды орнату абоненттің өтінішімен ғана іске асады. Сонымен қатар, абонентке "ussd" команда немесе "смс" жіберуді енгізу арқылы қосымша байланыс қызметтерін таңу проблемасы да шешілді. Енді клавишті қателесіп басу, кездейсоқ хабарлама жіберу немесе басқа да байқаусызда болған әрекеттер салдарынан қажетсіз қызметтерге қосылып кетпейсіз", - дейді министр. 

Жақын уақытта құжаттың толық мәтіні БАҚ-та жарияланып, 10 күннен соң ол күшіне енеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу