Дәурен Абаев мемлекет басшысының құттықтау хатын оқып берді

1035

Дәурен Абаев мемлекет басшысының құттықтау хатын оқып берді

ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың қатысуымен XV Еуразиялық медиафорум басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Форумның ашылуында Дәурен Абаев мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын оқып берді.

"Бүгінгі форум медиа саласындағы білікті майталмандардың өзара диалог жүргізуіне мүмкіндік беретін маңызды шара. Шиеленіске толы геосаяси жағдайларда журналистер жұмысының маңыздылығы өте жоғары. Өзгеріп келе жатқан әлемде Ақпарат құралдары ғаламдық шиеленістің алдын алатын, жағдайды тыныштандыратын құрал. Осы жерде журналистердің жауапкершілігі шығады. Классикалық журналистикаға басты сын қатер ретінде балама ақпарат көздері блогерлер мен әлеуметтік желіні айтуға болады. Дәстүрлі БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін журналистің кәсібилігі мен сапалы контенті ықпал етеді. Осы мақсатта осындай диалог алаңдарын құрудың өзектілігі арта түседі", - делінген президенттің құттықтауында.

Айта кету керек, бүгін Алматыда Еуразиялық медиа форум есігін ашты. Форум алғаш рет өткізілген уақыттан бастап 15 жылда Қазақстанға 6000 астам шетелдік делегат келген. Конференцияның ауқымы мен халықаралық деңгейі еліміздің ғаламдық ақпарат кеңістігінің ажырамас бөлігі екенін білдіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу