Дәурен Ермеков GFC чемпионы атағын жеңіп алды

1059

Алматыда өткен турнирдің құрметті қонағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов болды. 

Дәурен Ермеков GFC чемпионы атағын жеңіп алды Фото: vesti.kz

Қазақстандық ММА файтері Дәурен Ермеков орта салмақта Gorilla Fighting Championship лигасының уақытша чемпионы титулын жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақ спортшының ресейлік Артур Гусейновқа қарсы жекпе-жегі Алматыда өткен GFC 23 турнирінің басты кездесуі болды. 

Ермеков о баста бұл кездесуде басым болады деп есептелген, дегенмен, ресейлік спортшы айтарлықтай қарсылық көрсетті. Үш раундқа созылған жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бір ауыздан Ермековке берді – 30:28. 

Еске салайық, Алматыда өткен турнирдің құрметті қонағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу