Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың тапсырмасымен дауыл кезінде қаза тапқан марқұмның отбасына қаржылай қолдау көрсетілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
-
еңбек өтіліне байланысты өтемақы;
-
БЖЗҚ-дан жерлеу рәсіміне бөлінген қаражат;
-
жерлеу мен ас беру шараларын ұйымдастыруға қосымша қаржы.
Жиналған қаражат ескерткіш тас сатып алуға да жұмсалмақ. Ұйымдастыру жұмыстарына волонтерлер атсалысып жатыр. Жаназаға келген туған-туыстарын тасымалдау үшін автобус бөлінді.
Бұған қоса, марқұмның несиелері толық өтеледі. 2025–2026 жылдары оның тұрған пәтерінің жылу және су коммуналдық қызметтері де облыс бюджетінен төленетін болады.