Дауылда қираған үйлердің шатыры жыл соңына дейін жөнделеді

496

Облыс бойынша дауыл кезінде 114 нысанға нұқсан келген. 

Дауылда қираған үйлердің шатыры жыл соңына дейін жөнделеді Фото: Қарағанды облысы ТЖД

Қарағанды облысында 18 қарашада қатты соққан дауылға қатысты төтенше жағдай режимі жарияланды.

Қарағанды облысында 18 қарашада қатты дауыл соғып, өңірде бірнеше тұрғын үйлер мен ғимараттардың шатыры қирап қалған. Облыс бойынша дауыл кезінде 114 нысанға нұқсан келген. 

Дауылдың орын алуына байланысты облыс әкімі Ермағамбет Бөлекпаевтың тапсырмасы бойынша өңірде төтенше жағдай режимі жарияланды. Енді шатыры қирап қалған және  сыртына нұқсан келген тұрғын үйлерге  әкімшілік есебінен жөндеу жұмыстары жасалады. Шенеуніктердің айтуынша бұл жұмыстар осы жылдың соңына дейін аяқталады. 

33 тұрғын үйдің шатырын біз жөндейтін болдық. Жөндеу жұмыстарына қатысты өтініш білдірген өзге үйлердің тұрғындарының өтінішін тұрғын үй инспекциясы қарайды. Олар жан - жақты қарап жөндейтінін немесе бас тартатыны жөнінде жауабын айтады. Ал білім , спорт , денсаулық сақтау салаларының дауылдан зақым келген нысандарына тиісті шешім бойынша жөндеу жұмыстарына басқармадан қаржы бөлінеді-, деп мәлімдеді қала  әкімі Мейрам Кожухов.

Ал дауылдан шатыры қираған бизнес өкілдері мен автокөлік иелеріне сақтандыру компанияларына жүгінуге тура келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу