Оқиға 26 қыркүйекте АҚШ-тың солтүстік-шығыс жағалауына әсер еткен қуатты дауыл кезінде болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Нью-Джерси штатындағы су басқан көшеде акула жүзіп жүрген сәт видеоға түсіп қалған. Қатты жел мен жауын-шашын салдарынан бірқатар елді мекенді су басқан еді.
Осы кезде жергілікті тұрғындар су басқан көшеде жүзіп жүрген шағын акуланы байқаған. Жануар үйлердің арасындағы суға толған көшені кесіп өтіп, тұрғындардың бірінің ауласына қарай барған. Тұрғындар бұл сәтті видеоға түсіріп, жергілікті News 12 телеарнасына жолдаған.
Алғашқы кезде жануардың нақты түрі белгісіз болған. Сондықтан, жергілікті БАҚ оны "акула болуы мүмкін" деп сипаттаған. Кейін видеоны теңіз биологтары қарап шыққан. ABC News-ке берген түсініктемесінде Массачусетс теңіз балық шаруашылығы бөлімінің ақ акулаларды зерттеушісі Грег Скомал кадрдағы жануардың акула түріне ұқсайтынын айтқан.
– Бұл – салыстырмалы түрде шағын акула. Ол Нью-Джерси жағалауындағы суларда кездеседі және адамдарға қауіп төндіретін түрлердің қатарына жатпайды, – делінген мәлімдемеде.