Давоста дүниежүзілік экономикалық форум басталды

1051

Оған әлемдегі жетекші саяси қайраткерлер мен әйгілі бизнесмендер қатыспақ. 

Давоста дүниежүзілік экономикалық форум басталды

Давоста Дүниежүзілік экономикалық форум жұмысы басталды, деп хабарлайды Atameken Business.

Биыл осы жиынның ұйымдастырылғанына жарты ғасыр болады. Оған әлемдегі жетекші саяси қайраткерлер мен әйгілі бизнесмендер қатыспақ. Бүгін АҚШ Президенті басты спикер ретінде сөз сөйлемек. Ол түнделетіп, Швейцарияға жетті, әдеттегідей елді аузына қаратып, тосын мәлімдеме жасауы да ғажап емес.

Күн тәртібінде, әлемдік қарыздың көбеюі, әлеуметтік теңсіздік, Таяу Шығыстағы шиеленіс, Қытай әлеуетінің күшейе түсуі, Брексит және жаһандық климаттық өзгеріс, мәселелері талқыланбақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу