Давостағы форумда Ауғанстанның әйелдер оркестрі өнер көрсетеді

957

Давостағы форумда Ауғанстанның әйелдер оркестрі өнер көрсетеді

Ауғанстанның тұңғыш әйелдер оркестрі Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысушылар алдында өнер көрсетуге дайындалып жатыр, деп хабарлады сәрсенбі күні батыстың ақпарат құралдары.
Жасы 13-20 аралығындағы 35 өнерпаздан тұратын "Зохра" оркестрі бейсенбі және жұма күндері әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған  3 мың директор мен саясаткердің алдына шықпақшы.
Ақпарат құралдарының айтуынша, оркестр мүшелерінің көпшілігі үшін бұл өнер көрсетудің өзі тәуекелмен тең. Себебі Ауғанстанда  әйелдердің  халық алдына шығуын шектейтін қоғамдық қатал ереже бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу