ДCҰ: 2020 жылы сауда көлемі қысқарады

917

Ал келесі жылы көрсеткіштер қалпына келе бастайды.

ДCҰ: 2020 жылы сауда көлемі қысқарады

Дүниежүзілік сауда ұйымы 2020 жылы Covid-19 пандемиясының кесірінен әлемдік сауда көлемі күрт қысқарып, 2021 жылы қалыпқа келеді деген болжам жасады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. 

Ұйымның есебі бойынша, осы жылы бұл көрсеткіш 13-32 пайызға құлдырауы мүмкін. Ал 2021 жылы сауда көрсеткіштерінің 21-24 пайызға өсуі ықтимал. Пандемияның ұзақтығы мен оған қарсы қабылданған шаралар көрсеткішке тікелей әсер етеді деген пікірде ұйым сарапшылары. 

Ал ДДҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус АҚШ пен Қытайды вирусқа қатысты жағдайды саяси мақсатта пайдаланбауға, керісінше, бірлесе күрес жүргізуге шақырды. Әйтпесе пандемияны ауыздықтау қиынға соғып, қайтыс болғандар санының күрт көбейетінін алға тартты. 

Джонс Хопкинс Университетінің соңғы мәліметі бойынша, әлемде вирус жұқтырғандардың саны 1,5 миллионнан асып, оның 88 мыңы қаза тапқан. Аурудан ажал құшу фактілері ең көп тіркелген елдер қатарында Италия, АҚШ, Испания бар.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу