ДДБ-дан алынған қарыздың бір бөлігінен бас тарту бұйрығы қаржы министрлігіне жіберілді

743

Жалпы халықаралық қаржы ұйымынан 2014 жылы 67 млн доллар алынып, 2021 жылдың бюджетіне берілген.  

ДДБ-дан алынған қарыздың бір бөлігінен бас тарту бұйрығы қаржы министрлігіне жіберілді

Дүниежүзілік даму банкінен алынған қарыздың техникаға берілетін бөлігінен бас тарту бұйрығы Қаржы министрлігіне жіберілді. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов "Атамекен бизнес арнасындағы" "Эксклюзив" бағдарламасына сұхбат беріп, осындай ақпарты жеткізді. Жалпы халықаралық қаржы ұйымынан 2014 жылы 67 млн доллар алынып, 2021 жылдың бюджетіне берілген. Бірақ онлайн сабақ басталғалы әкімдіктер оқушыларды ноутбукпен өздері қамтып жатыр. Қыркүйекке дейін 435 мың компьютер мұқтаж балаларға таратылып берілсе, тағы 300 мың техника осы айда алынбақ. Сондықтан министрлік ақшаның  енді қажеттілігі жоқ деп тапқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу