ДДСҰ: әлемде коронавирус жұқтыру жағдайлары 77%-ға қысқарды

415

26 ақпандағы жағдай бойынша әлемде 758 миллионнан астам расталған Covid-19 жағдайы мен 6,8 миллионнан астам өлім тіркелді. 

ДДСҰ: әлемде коронавирус жұқтыру жағдайлары 77%-ға қысқарды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, соңғы 28 күнде бүкіл әлемде коронавирус жағдайлары мен одан қайтқандар саны сәйкесінші 77% бен 66%-ға төмендеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Дүние жүзінде соңғы 28 күнде (2023 жылдың 30 қаңтары мен 26 ақпаны аралығында) 4,8 миллионнан астам жаңа жағдай және 39 мыңнан астам өлім тіркелді, бұл алдыңғы 28 күнмен салыстырғанда сәйкесінше 76% және 66%-ға аз", - делінген ДДСҰ-ның апталық эпидемиологиялық қорытындысында.

Ақпан айында ДДСҰ Covid-19 жағдайлары мен өлім-жітім бір айда сәйкесінше 92% және 47% төмендегенін жариялады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу