ДДСҰ эболамен күресу үшін Конгоға 14 тонна көмек жіберді

126

Ең алдымен дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтар жеткізілген.  

ДДСҰ эболамен күресу үшін Конгоға 14 тонна көмек жіберді Фото: directrelief.org

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Конго Демократиялық Республикасындағы эбола індетімен күресу үшін 14 тонна көмек жіберді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Бұдан бөлек, ауруханалардың жанына тігуге арналған оқшауланған шатырлар бар. Соңғы ақпарат бойынша Конго мен Угандада эболадан 139 адам қайтыс болды. Қауіпті індетті жұқтырғандар саны 600-ге жуықтаған.

Бұл жолы эболаның Бунди-бугйо штаммы таралып жатыр. Әзірге оған қарсы вакцина табылған жоқ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы эболаның таралуын халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай деп жариялаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу