ДДСҰ хантавирус эпидемиясының басылғанын хабарлады

169

Бұл туралы BBC жазды.  

ДДСҰ хантавирус эпидемиясының басылғанын хабарлады Фото: oxu.az

"MV Hondius" круиздік лайнеріндегі қауіпті хантавирус індеті ресми түрде басылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына сілтеме жасап.

ДДСҰ Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус карантинде болған ең соңғы жолаушының да тесті теріс нәтиже көрсетіп, үйіне оралғанын айтты.

"ДДСҰ хантавирус індеті толық жойылды деп есептейді", – деді ұйым басшысы.

"MV Hondius" лайнері 1 сәуірде Аргентинадан сапарға шыққан. Кемедегі індеттің таралуына хантавирустың сирек кездесетін "Анд" штаммы себеп болды. Барлығы 13 адам вирус жұқтырып, оның үшеуі көз жұмды.

Атап айтқанда:

  • 11 сәуірде Аргентина мен Оңтүстік Африка Республикасы (ОАР) арасындағы мұхитта бірінші жолаушы қайтыс болды.
  • 26 сәуір күні Йоханнесбургке тоқтаған кезде екінші өлім жағдайы тіркелді.
  • 2 мамырда кеме бортында үшінші науқас көз жұмды.

Хантавирус адамға кеміргіштерден (олардың қиы немесе сілекейі араласқан шаңды жұтқанда) жұғады. Алайда, бұл жағдайда мамандар ең нашар нұсқаны да жоққа шығармайды: вирус мутацияға ұшырап, кеме ішіндегі тығыз қарым-қатынас салдарынан адамнан адамға жұққан болуы мүмкін. Осыған байланысты 33 елде 650-ден астам адам бақылауда болды.

Дегенмен ДДСҰ босаңсуға әлі ерте екенін ескертеді. Ұйым өкілі, доктор Диана Рохас Альверес "Анд" вирусы Оңтүстік Америкадағы қоғамдық денсаулық сақтау саласы үшін әлі де үлкен қауіп төндіріп тұрғанын қадап айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу