ДДСҰ "омикроннан" кейін пандемия аяқталуы мүмкін деген пікірде

1061

21 қаңтарда әлемде COVID-19 вирусын жұқтырудың 3 777 104 фактісі анықталды.

ДДСҰ "омикроннан" кейін пандемия аяқталуы мүмкін деген пікірде

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге "омикрон" штамынан кейін COVID-19 пандемиясы аяқталады деген болжам жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz Le Figaro басылымына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Еуропада "омикронның" таралуы шарықтау шегіне жеткеннен кейін жаһандық иммунитет пайда болады. Клюге иммунитет инфекциялар немесе вакциналардың арқасында қалыптасатынын жеткізді. 

21 қаңтарда әлемде COVID-19 вирусын жұқтырудың 3 777 104 фактісі анықталды. Бұл – пандемия басталғаннан бергі бір тәулікте тіркелген рекордтық көрсеткіш. Бір күнде коронавирус жұқтырған 8 741 адам қайтыс болды. Дертке шалдыққандар саны АҚШ, Үндістан және Франция елдерінде басқаларына қарағанда көбірек.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу