ДДСҰ: Жаппай тест тапсырып, маска тағу керек

459

Ковид-ке қарсы күрестің үйреншікті әдісіне қайта оралу керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, халықтан сақтық үшін жаппай маска тағуды, үкіметтен тест алуды талап етті, деп хабарлайды Atameken Business.

ДДСҰ: Жаппай тест тапсырып, маска тағу керек

Әлеуметтік қашықтықты сақтап, бұрыннан белгілі шектеулерді қайта қолданбаса болмайды. Өйткені әлем бойынша індет қайта ушықты. Жаңа штамға бұрын алған екпенің әсері әлсіз болуы мүмкін. Сондықтан ревакцинация жасатуды да ұмытпаған жөн.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жетекшісі пандемия аяқталды деуге негіз жоқ, оның сипаты өзгерді дейді.

Қазір әлемнің 110 елінде індет ушыққан. Оған көптеген елдің санитарлық шектеулерді алып тастауы себеп. Бүгінде Азия, Латын Америкасы және Таяу Шығыста вирус жұқтырғандар саны көбейіп барады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу