De Lacure төңірегіндегі дау: Алматы полициясы тергеу нәтижесін жариялады

656

Қоғамда резонанс тудырған қазақстандық рэпердің мәлімдемесінен кейін Алматы полициясы тексеру жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

De Lacure төңірегіндегі дау: Алматы полициясы тергеу нәтижесін жариялады Фото: instagram.com/de_lacure

Тергеуге оның ойын-сауық бағдарламада айтқан әңгімесі себеп болды. Бұл шығарылымы эфирге шықпаған. Алайда түсірілімге қатысқандардың айтуынша, De Lacure сахналық есімімен танымал рэпер Әнуар Баймұхаев әйел адамға жасалған зорлық-зомбылық туралы баяндаған. Осыдан кейін жұртшылық музыкант пен оның достарының іс-әрекетіне құқықтық баға беруді талап етті.

Кейін рэпер бұл жағдайға қатысты түсініктеме беріп, бұл оқиғада оның тарапынан да, досының тарапынан да ешқандай зорлық-зомбылық әрекеттері болмағанын мәлімдеді.

Әлеуметтік желідегі наразылықтан кейін Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тексеру жүргізді. Түсініктеме беру үшін ол полиция басқармасына шақыртылды.

– Тексеру барысында ол өзі баяндаған оқиғаның әлеуметтік желілерде бұрмаланып жеткенін, ал зорлық-зомбылық фактілері мүлдем болмағанын айтты. Қазіргі уақытта қылмыстық құқық бұзушылық дерегін растайтын объективті мәліметтер анықталған жоқ, – делінген хабарламада. 

Қазір Әнуар Баймұхаевқа қатысты тексеру аяқталды. Алматы полициясы азаматтарды жалған ақпарат таратудан аулақ болуға шақырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу