"Дексаметазон" жағдайы өте ауыр науқастарға ғана тағайындалады

4799

Клиникалық хаттама ресми сайттарда тұрақты түрде жарияланады.

"Дексаметазон" жағдайы өте ауыр науқастарға ғана тағайындалады

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде COVID-19 індетінен емдейтін дәрі-дәрмектерге қатысты хабарламалардың көбеюіне байланысты, "Астана медициналық университеті" КЕАҚ кафедрасының доценті Баян Тұрдалина бактерияға қарсы терапия мен дәрі-дәрмектерді пайдалану мәселесін айтты.

"Клиникалық хаттаманың ең бірінші нұсқасы ақпан айында әзірленген. Елдің ғалымдары содан бері хаттаманы жетілдіру үшін еңбек етуде. COVID-19 вирустық инфекция болғандықтан, осы хаттаманың бактерияға қарсы бөлімінде антибакитериалдық терапияның тікелей көрсеткіштері жоқ. Бактерияға қарсы терапияны науқасқа бактериалдық инфекция қосылған жағдайда әрі дәрігер нақты айтқан кезде ғана қолданған дұрыс. Оның барлығы хаттамада қосымша ескертпе ретінде көрсетілген", – деп айтып өтті.

Дәрігер сондай-ақ, ел тұрғындары тарапынан "Дексаметазон" дәрісін пайдалану туралы жиі қойылатын сұраққа да жауап берді.

"Дексаметазон көрсеткіштері бойынша қабынуға қарсы әсер ететін дәрі әрі тек стационарда ғана өте ауыр жағдайдағы науқастарға тағайындалады. Амбулаторияда берілмейді. Бұл дәріні қолдану клиникалық хаттаманың арнайы бөлімдерінде көрсетілген. Әлеуметтік желілерде дұрыс ақпараттың таралмауына байланысты, дәріні үйде сақтау үшін жай ғана қор ретінде сатып алу көбейді. Сол себепті, тек ресми мәліметтерге ғана сенуге шақырамын. Клиникалық хаттама ресми сайттарда тұрақты түрде жарияланып отырады. Оны дәрігерлер жұмыстарында пайдаланады. Клиникалық хаттамаға сай емделген көптеген адам жазылып шығып жатыр", – деп атап айтты Баян Тұрдалина. 

Нұржан Көшкін
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу