"Делдалдар" және жарты жылдық кезек: арнайы ХҚКО жұмысын өзгерту ұсынылды

263

Депутаттар жүргізуші куәлігін беру тәртібін өзгерту туралы бастама көтерді.  

"Делдалдар" және жарты жылдық кезек: арнайы ХҚКО жұмысын өзгерту ұсынылды Фото: Алексей Старков

Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алу үшін 6 ай кезекте тұруға мәжбүр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Орындардың жасанды тапшылығы мен жазылу жүйесінің ашық еместігі мәселесін депутат Мейраш Шынасылова Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке жолдаған депутаттық сауалында көтерді.

Депутаттың айтуынша, автодромдардың жетіспеушілігі салдарынан жазылуға арналған бос орындар бірнеше секунд ішінде жоғалып кетеді. Бұл орындарды қайта сатып, ақылы қызмет көрсететін делдалдардың пайда болуына ықпал етуде. Бұған айқын мысал – Астана. Миллионнан астам тұрғыны бар елорда мен оның агломерациясына іс жүзінде бір ғана мамандандырылған ХҚКО қызмет көрсетеді.

Депутат бірнеше ұсыныс тастады:

  1. Соның бірі – жұмыс уақытын ұзарту. Мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс уақытын сағат 20:00-ге дейін ұзарту ұсынылды. Қазір орталықтар 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.
  2. Жекеменшік нысандарды тарту: Практикалық емтиханды автомектептердің жекеменшік автодромдарында тапсыруға рұқсат беру. Бұл ретте олар үшін бейнефиксация мен стандарттарға қатысты бірыңғай қатаң талаптар белгіленуі тиіс.
  3. Орындарды қайта сатушылармен күрес: Үшінші тарап сервистерін алып тастап, емтиханға жазылуды тек eGov, eGov Mobile және "Азаматтарға арналған үкімет" жүйесі арқылы жүргізу ұсынылды. Бұл ретте орындарды автоматты түрде бөлудің қорғалған алгоритмі қолданылуы керек.
  4. Қосымша алаңдар: Теориялық емтихан тапсыру үшін жаңа сыртқы алаңдарды іске қосу ұсынылды.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында ұзын-сонар кезектерді сұраныстың жоғары болуымен, маусымдық кезеңдердегі жүктеменің артуымен, автодромдардың жетіспеушілігімен және емтиханды қайта-қайта тапсыру жағдайларының көптігімен түсіндіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу