"Делиге шұғыл қонды!": Алматыдан көкке көтерілген FlyArystan ұшағы күтпеген шешім қабылдады

Оқиғаның мән-жайын әуе компаниясының баспасөз бөлімі айтып берді.

"Делиге шұғыл қонды!": Алматыдан көкке көтерілген FlyArystan ұшағы күтпеген шешім қабылдады Фото: FlyArystan

16 қараша күні Алматыдан Гоаға бағыт алған FlyArystan ұшағы Дели әуежайына шұғыл жағдайда қонған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Компания ұшақтың Дели әуежайына техникалық себепке байланысты  тоқтағанын мәлім еткен. Жаңартылған ақпаратқа сай, Делиден Гоаға ұшу 17 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 03:05-ке жоспарланған. 

Мұнан бөлек, Гоадан Алматыға қатынайтын FS7416 рейсінің кестесі де өзгерген. Әуе кемесінің кешігіп келуіне байланысты бұл рейс 17 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 06:45-те ұшпақ. 

Күту кезінде екі рейстің де жолаушылары қонақүйлерге орналастырылды. 

– FlyArystan жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін шын жүректен кешірім сұрайды және түсіністік танытқандары үшін алғыс білдіреді. Ұшу қауіпсіздігі – әуе компаниясының негізгі басымдығы, – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу